Близость слов: Окончание:





Жедел-iздестiру қызметi туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-ХIII Заңы
Құжат мәтініндегі «I - VII» цифрлар «1 - 7» цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша ( 09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 12.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 17.07.2009 жылғы № 187-IV Заңымен ( 07.04.2009 ж. редакцияны қараңыз) (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді  ҚР 07.12.2009 жылғы № 221-IV Заңымен ( 17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз) (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдарға сауал қою - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның сөздерінен жинау;
2) анықтамалар алу - қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу;
3) арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы;
4) арнаулы техникалық құралдар – жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, құралдар, жабдық;
4-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
5) байқау - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды, әрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы әрі өзгеше қабылдау және анықтау;
6) байланыс желілеріндегі жедел іздеу - байланыс желісі арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы әрекеттің белгілерін табу жөніндегі жасырын іс-әрекеттер;
7) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан  ақпаратты жасырын алу – компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен және (немесе) компьютерлік бағдарламалармен, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеп-қарау арқылы жүргізілетін жасырын алу;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.12.2017 жылғы № 118-VІ Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.12.2017 жылы № 245 (28624) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) бақыланатын өнім беру - еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген, сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттардың және өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттің белгілері туралы ақпарат алу тәсілі;
9) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру - іздеудегі адамды даралайтын статистикалық, динамикалық және геномдық белгілері бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау портреті және адамды жеткілікті ықтимал дәрежеде тануға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдер көмегімен табуға және сәйкестендіруге бағытталған ұйымдастырушылық және нысаналық-практикалық іс-әрекеттер жиынтығы;
10) енгізу - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкерін не онымен бірге қызмет істеп жүрген құпия көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін жедел қызмет мүдделі болып отырған объектінің төңірегіне жасырын енгізу;
11) жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан іс-әрекеттерінің жиынтығы;
12) жедел есепке алу ісі - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу;
13) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау – тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларға, ғимараттарға, құрылысжайларға, сақтау қоймаларына, көлік құралына немесе жергілікті жер учаскесіне, қажет болған кезде оларды зерттеп-қарай отырып, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің өзге де міндеттерін шешу үшін жасырын кіру;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.12.2017 жылғы № 118-VІ Заңына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.12.2017 жылы № 245 (28624) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) жедел сатып алу - ықтимал қылмыстық әрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен тексерілетін адамнан тұтыну немесе өткізу мақсатынсыз ақылы түрде заттар сатып алынатын жалған мәміле ахуалын орнату;
Полная версия
ИС BestProfi