Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттiк Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орындау мәселелерiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және меншiк нысандарына қарамастан, заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын айқындайды және реттейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2019
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 146 Заңы
Заңның бүкіл мәтіні бойынша «тауарлар», «тауарларды», «тауарлардың» деген сөздер «тауарлар (өнімдер)», «тауарларды (өнімдерді)», «тауарлардың (өнімдердің)» деген сөздермен өзгертілді ҚР 16.02.2012 жылғы № 562-IV Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) Осы Заң күшін жойды 2019 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР 18.03.2019 жылғы № 236-VІ Заңына сәйкес
Редакция 13.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (19.01.2001 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 11.07.2009 жылғы № 182-IV Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012 жылғы № 562-IV Заңымен (13.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) əскери мақсаттағы жұмыстар – заттай нəтижесі бар, қорғаныс объектілерін жəне əскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге жəне жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен əскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық жəне геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ əскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тəжірибелік- конструкторлық жəне басқа да жұмыстар;
2) əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан əрі – жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау жəне əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мүмкіндіктері бар заңды тұлға;
3) əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттай нəтижесі жоқ, пайдаланылмайтын əскери мүлікті жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кəдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми жəне өзге де қызмет;
4) əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) – қару-жарақ, əскери жəне арнайы техника, оқ-дəрі, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) өндіруге жəне сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;
5) əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндіруші (бұдан əрі – отандық тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жəне неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) дайындау үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;
6) қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан əрі – мемлекеттік тапсырыс беруші) – əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді əзірлеуге, зерттеуге, өндіруге, беруге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
7) қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар (бұдан əрі – басты орындаушылар) – қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар жəне уəкілетті ұйым;
8) қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан əрі – операторлар) – қорғаныстық тапсырысты орындау немесе қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар;
9) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан əрі – орындаушы) – оператормен, уəкілетті ұйыммен жəне (немесе) мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк тапсырыс берушiлер əскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретiнде пайдалануы не кейiннен бейiнін өзгертіп пайдалануы мүмкін өнiм мен технологиялар;
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан əрі – қорғаныстық тапсырыс) – қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі əскери қауіпсіздікті жəне құқықтық тəртіпті, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;
12) уəкілетті орган – қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) уəкілетті ұйым – əскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған əскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер жəне жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
2-бап. Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 11.07.2009 жылғы № 182-IV Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия