Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29-III Заңы
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 26.05.2008  жылғы № 34-IV Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 08.04.2010  жылғы № 266-IV Заңымен (26.05.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 27.05.2010  жылғы № 279-IV Заңымен (08.04.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 18.04.2011  жылғы № 429-IV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 16.02.2012  жылғы № 562-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 11.04.2014 жылғы № 189-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 10.01.2015 жылғы № 275-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 28.10.2015 жылғы № 367-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) арнаулы əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;
3) арнаулы құралымдар – жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;
3-тармақша өзгертілді ҚР 19.04.2024 жылғы № 74-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) Арнаулы операциялар күштері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операциялар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
5) аумақтық əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);
6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;
6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы;
8) əскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;
9) əскери басқару органдары – стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары;
10) əскери бөлім – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;
11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;
11-1) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.11.2021 жылғы № 72-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi