Близость слов: Окончание:





Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы 
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР 01.04.2021 жылғы № 26-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 13.06.2013  жылғы № 102-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 
14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 128-V Заңымен (03.07.2013  ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын ескере отырып, осы жаңа объектілерді, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақталған объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) басым тұтынушылар – құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 01.04.2021 жылғы № 26-VII Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) жаңартылатын энергия көздері – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 401-VI Заңы​на сәйкес (07.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.04.2016 жылғы № 506-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақшаның бірінші абзацы өзгертілді ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақшаның бірінші абзацы өзгертілді ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңымен (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша өзгертілді ҚР 06.02.2023 жылғы № 194-VII Заңымен (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша өзгертілді ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңымен (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша өзгертілді ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша өзгертілді ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңымен (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект (бұдан әрі – ауқымы шағын объект) – жалпы белгіленген қуаты екі жүз киловатқа дейінгі (қоса алғанда), жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ауқымы шағын объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 96-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым – нетто-тұтынушыларды қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 96-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, жасыл энергияны тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.04.2016 жылғы № 506-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақша өзгертілді ҚР 09.11.2020 жылғы № 373-VI Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша өзгертілді ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңымен (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы – электр энергиясын өндіруге арналған, жаңартылатын энергия көздері пайдаланылатын технологиялық және қосалқы жабдық;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.04.2016 жылғы № 506-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2016 жылы № 82 (28810) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi