Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.01.2016
Атом энергиясын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі N 93 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап ҚР 12.01.2016 жылғы № 442-V Заңына сәйкес
Редакция 01.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңына сәйкес1-бап өзгертілді ҚР 06.01.2011 жылғы № 378-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттiк реттеу – уәкiлеттi органның ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен қағидаларды әзiрлеу, бекiту және қолданысқа енгiзу, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялау жөнiндегi және рұқсаттық бақылау жасау қызметi;
көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы;
қадағалау - атом энергиясын пайдалану процесiн реттеу мақсатында уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерiнiң орындалуын тексеру жөнiндегi iс-әрекетi;
орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар;
радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;
радиоактивтi заттар - құрамында ядросы өздiгiнен ыдырауға қабiлеттi химиялық элементтер бар материалдар;
радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен құрамы нормативтiк құқықтық актiлермен реттелген мәннен асып түсетiн радиоактивтi заттардан тұратын, шаруашылық қызмет нәтижесiнде пайда болған және одан әрi пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегi материалдар мен заттар;
арнаулы ядролық емес материалдар - ядролық экспортты реттеудiң халықаралық-құқықтық режимiне байланысты, заңнан туындайтын нақ сондай актiлермен айқындалатын материалдар;
атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтер - ядролық материалдарды өндiру үшiн пайдаланылатын ядролық қондырғылар, жабдықтар, технологиялар, радиоактивтi заттар, арнаулы ядролық емес материалдар, иондандырушы сәуле көздерi, сондай-ақ соларға байланысты қызметтер;
атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - атом энергиясы саласындағы мемлекеттiк саясатты, ядролық қаруды таратпау мен Қазақстан Республикасында атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеудi iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
алу деңгейi - белсендiлiк бөлiнiстерiнен көрiнген шамалар кешенi, бұл белсендiлiк жағдайында немесе одан төмен болғанда иондандырушы сәуле көздерi қолданылып жүрген нормаларға сәйкес бақылаудан шығып кетуi мүмкiн;
ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғау - адамдардың ядролық материалдар мен қондырғыларға рұқсатсыз қол жеткiзуiне жол бермеуге бағытталған ұйымдық және техникалық шаралардың бiртұтас жүйесi;
сақтау - радиоактивтi заттар мен радиоактивтi қалдықтарды пайдалану, қайта өңдеу немесе көму үшiн қайтарып алу мүмкiндiгiн көздей отырып, оларды арнайы дайындалған жерлерге (соның iшiнде арнаулы контейнерлерге) уақытша орналастыру;
пайдаланушы ұйым - атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар ұйым;
Полная версия
ИС BestProfi