Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Патент Заңы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-I Заңы
Редакция 25.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 02.03.2007 жылғы №237 Заңымен (22.11.2005 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
2-1) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына немесе 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға сәйкес берілген өтінім;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.07.2012 жылғы №34-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
2-2) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына немесе 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға сәйкес берілген патент;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
3) зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары;
3-тармақша өзгертілді ҚР 20.06.2022 жылғы № 128-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.08.2022 жылдан бастап)
4) қорғау құжаттары – өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге және пайдалы модельдерге осы Заңға сәйкес берiлген патенттер;
4-тармақша өзгертілді ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;
7) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер;
7-1) өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілері – қызметкер өзінің қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.04.2015 жылғы № 300-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.04.2015 жылы № 65 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) Париж конвенциясы - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;
9) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;
9-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №586 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10) патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;
11) патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi;
12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Полная версия
ИС BestProfi