Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы
Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң кіріспемен толықтырылды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңның тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (05.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап алынып тасталды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұсталатын адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету және мұндай адамдардың соларда ұсталуының заңдылығын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
Адамдарды арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұстау қылмыстық жазаларды, қылмыстық-процестік мәжбүрлеу шараларын, әкімшілік жазаны орындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады және арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тән азабын немесе рухани азап шектіру мақсатындағы әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2. Адамдарды арнаулы мекемелерде және арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын айқындау, олардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
2-бап өзгертілді ҚР 16.07.2001 жылғы № 244-ІІ Заңымен (16.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі ;
1-тармақша өзгертілді ҚР 19.12.2020 жылғы № 385-VI Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 16.07.2025 жылғы № 210-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) арнаулы үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында заңда белгіленген мерзімге жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзімге шектеуге арналған үй-жай;
2-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды