Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Внимание! Документ утратил силу с 25.04.2014
Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48 Заңы
Құжат мәтініндегі "мемлекеттiк комитеттер", "мемлекеттiк комитеттерге", "мемлекеттiк комитеттердiң", "мемлекеттiк комитеттердi" сөздер алып тасталсын; ҚР 29.12.2003 жылғы № 511 Заңы бойынша (02.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)(өзгеріс қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) Құжат мәтініндегі "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органына", "Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен", "өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган" сөзедер "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның", "Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен", "өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган" сөздермен ауыстырылды ҚР20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (29.12.2003 ж. редакцияны қараңыз)(өзгеріс қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) Құжат мәтініндегі "меншік нысанына қарамастан", "меншік нысандарына қарамастан," ,"меншік нысандарына қарамастан", "Меншік нысанына қарамастан", "меншік нысанына қарамастан,", "Меншік нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан" сөзедер алынып тасталды ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңы бойынша (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі "өртке қарсы қызмет органдарының", "өртке қарсы қызметтің органдарын", "Өртке қарсы қызмет органдарының", "өртке қарсы қызмет органдары", "Өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органының", "өртке қарсы қызмет органы" және "өртке қарсы орган", "өртке қарсы қызмет органдарында", "өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Өртке қарсы қызмет органына", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет объектілері", "Өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Өртке қарсы қызмет органдарын", "Өртке қарсы қызмет органдарында", "өртке қарсы қызмет органдарымен" сөзедер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен" сөздермен ауыстырылды ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңы бойынша (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Құжат мәтініндегі "Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы", "Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның", "өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен", "Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен" сөзедер "Уәкілетті орган", "уәкілетті органға", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға" сөздермен ауыстырылды ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңы бойынша (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Заң күшін жойды 25.04.2014 жылдан бастап ҚР 11.04.2014 жылғы № 188-V Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
1-тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (29.12.2003 ж. редакцияны қараңыз) (өзгеріс қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) 1-бап өзгертілді ҚР 31.01.2006 жылғы № 125 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) (өзгеріс ресми жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.) 1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) (өзгеріс ресми жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.) 1-бап өзгертілді ҚР 15.05.2007 жылғы № 253 Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-бап өзгертілді ҚР 26.05.2008 жылғы № 34-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен (26.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-бап өзгертілді ҚР 28.06.2010 жылғы № 295-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдар жаппай жиналатын объект - бір мезгілде жүз және одан көп адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ғибадат мекемелерінің, көңіл көтеру орындарының ғимараттары, құрылыстары және үй-жайлары, көліктің барлық түрлерінің вокзалдары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан көп адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
2) аккредиттеу - заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқықтылығын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
3) аккредиттеу аттестаты - өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
4) ерікті өрт сөндіруші - өрттердің алдын алу және (немесе) оларды сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде тікелей қатысатын, ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген азамат;
5) қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;
6) объект - жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар мен өрттің алдын алу және өрт кезінде адамдарды қорғау үшін өрт қауіпсіздігі талаптары белгіленген немесе белгіленуге тиіс өзге де мүлік;
7) өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне материалдық залал, зиян келтіретін бақылаусыз жану;
8) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған ұйымдардағы, елді мекендердегі өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;
9) өртке қарсы қызмет - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы күштері мен құралдарының, сондай-ақ өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді ұйымдастыруға, өрттерді сөндірумен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жиынтығы;
10) өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалуының жай-күйі;
11) өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттар;
12) өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау - объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
Полная версия