Близость слов: Окончание:





Автомобиль көлiгi туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II Заңы
Құжат мәтініндегі «почта», «почтаны», «Почтаны», «Почта» сөздері «пошта», «поштаны», «Поштаны», «Пошта» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2014 жылғы № 230-V Заңы бойынша (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 20.04.2023 № 226-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 21.05.2024 № 86-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 31.01.2006 жылғы № 125 Заңымен (13.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыптасқан ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен  (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1-1) автобус – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi;
2-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы №369-IV Заңымен (30.06.2010ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
2-1) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер – жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
3) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi;
3-1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
4) автомобиль көлiгi – қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 499-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы – тасымалдау процесінің үздіксіздігін, сондай-ақ автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдарын сақтауға арналған құрылыстар) кешені;
5-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен  (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
6-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен  (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
6-1) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшін зияткерлік көлік жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өлшеу құралы, стационарлық типтегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы ұтқыр таразылар бар стационарлық немесе ауыспалы пункт;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
6-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясының операторы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
7) автомобильмен тасымалдау – автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 499-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
8-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 499-V Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2016 жылы № 75 (28803) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені;
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы №369-IV Заңымен (30.06.2010ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
Полная версия
ИС BestProfi