1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заңы
Мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды ҚР 22.04.1998 № 221 Заңымен. Актінің нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда; кіріспе алынып тасталды; бүкіл мәтін бойынша "Жарлықты", "Жарлықтан", "Жарлықтағыдан", "Жарлықпен", "Жарлықтың", "Жарлыққа", "Жарлықта" сөздер тиісінше "Заңды", "Заңнан", "Заңдағыдан", "Заңмен", "Заңның", "Заңға", "Заңда" сөздермен ауыстырылды ҚР 19.02.2007 № 230 Заңдарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер
1-бапқа өзгерту енгізiлдi - ҚР 11.07.1997 № 154, 16.05.2003 № 416 Заңдарымен.
2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар
2-бап өзгертілді ҚР 19.06.1997 № 134-I, 19.02.2007 № 230 Заңдарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтікқұқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен.
Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1-бөлім 2-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
3) шаруашылық серіктестігіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу;
4) шаруашылық серіктестігінің құқықтық мәртебесін белгілеу.
3. Шаруашылық серіктестіктері өз қызметін мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырады:
Полная версия