Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңы
Редакция 12.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I бөлiм. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар
1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы №478-IV Заңымен (07.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 24.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңымен (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнама осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-баптың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары
3-бап өзгертілді ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық мәртебесін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасында шетелдіктер өздерінің шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша заң мен сот алдында тең болады;
3) шетелдіктердің өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылысқа қол сұқпауға, қоғамдық тәртіпке, имандылыққа және халықтың денсаулығына нұқсан келтірмеуге тиіс.
4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдiктер
4-бап өзгертілді ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңымен (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-бап өзгертілді ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-бап өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-бап өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
4-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

