Близость слов: Окончание:





Қоғамдық бiрлестiктер туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңдары», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарды», «заң актілерінен», «заң актілерімен», «заңнамалық актілерімен», «Заң актілерінде», «заң актілері», «заң актілеріне», «заңнамалық актілерінде», «заң актілерінде» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама», «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы», «заңдардан», «заңдарда», «заңдарымен», «Заңдарда», «заңдары», «заңдарына», «заңдарында», «заңдарда» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (21.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
2-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (21.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар, этномәдени қоғамдық бірлестіктер және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар
3-бап өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 126-IV Заңымен (15.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.02.2009 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-бап өзгертілді ҚР 29.04.2009 жылғы № 154-IV Заңымен (09.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заңдардан тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртібі мен қызметi өзге заңдарда белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсіптік одақтардың, ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу ұйымдарының және басқа да жекелеген қоғамдық бірлестіктер түрлерінің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшеліктер Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелуі мүмкін. Аталған қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелмеген қызметі осы Заңмен регламенттеледі.
3-баптың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап. Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер
4-бап өзгертілді ҚР 15.05.2007 жылғы № 253 Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.05.2007 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап өзгертілді ҚР 29.04.2009 жылғы № 154-IV Заңымен (09.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
4-бап өзгертілді ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (21.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келісімдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы қолданылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттік органдар шешуi мүмкiн.
5-бап. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
5-бап өзгертілді ҚР 23.02.2005 жылғы № 33 Заңымен (23.03.2000 ж. редакцияны қараңыз)
5-бап өзгертілді ҚР 29.04.2010 жылғы № 272-IV Заңымен (29.04.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 12.05.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-бап өзгертілді ҚР 16.11.2015 жылғы № 403-V Заңымен (13.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (21.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi