Осы Заң тұрғын жайлардың құрылысына үлестiк қатысуы үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен олардың құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiгiн белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 11.07.2009 жылғы № 183-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2) жобалау компаниясы - жарғылық капиталының елу проценттен астамын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын құрылыс салушы қалыптастырған заңды тұлға;
3) кепілдікті мерзім - құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға және құрылыс объектісін (тұрғын жайды) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік беретін уақыт;
4) құрылыс салушы - өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлардың үлестік құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үлескерлердің ақшасын тарта отырып, әрбір тұрғын жайды салу үшін жобалау компаниясын құру арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) нөлдік цикл - тұрғын жайдың нөл деп алынатын, шартты жобалық белгіден төмен орналасқан бөліктерін салу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешені;
6) пайдалануға беруге рұқсат – мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды қабылдау туралы қол қойылған актісі;
6-тармақша өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы №461-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 30.07.2011 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
7) тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құрылыс жобасына сәйкес салынған тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) құрамына кіретін, үлескерге беру актісі бойынша берілетін тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлар. Осындай тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларға жеке меншік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды;
8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың бір тарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын қатынастары;
8-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Конституциялық заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт - құрылыс салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің арасында жасалатын, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлардың салынуына байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін шарт;
11) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй (тұрғын жай) (бұдан әрі - тұрғын жай) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ ортақ мүлік болып табылатын тұрғын емес үй-жайлардан және өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;
13) үлескер - одан әрі жобалау компаниясына аударуға арналған ақшасын банк-агенттегі ағымдағы шотқа (үлескердің депозитіне) енгізу арқылы тұрғын жайларды салуға қатысатын жеке (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) немесе заңды тұлға;
14) үлескердің депозиті - үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде банк-агенттегі ағымдағы шотқа банк шоты шартының талаптарымен енгізетін ақша.