Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.05.2014
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.05.2014 жылғы № 531 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 8-күніне дейін Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1177 Қаулысымен (27.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1177 Қаулысымен (27.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.»
Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1177 Қаулысына сәйкес
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013– 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) мемлекеттік органдардың ұсыныстарын, «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған негізгі шаралар» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру нәтижелерін және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Жоспардың басты ерекшелігі көлеңкелі экономика спектрлерін неғұрлым кең көлемде қамту болып табылады. Егер бұрынғы Бағдарлама көлеңкелі экономиканың негізінен экономикалық аспектілерін қамтыған болса, әзірленген Жоспар экономика субъектілерінің көлеңкеден шығуына ықпал ететін экономикалық дамудың институционалдық негіздерін құруға бағытталған.
Атап айтқанда, мемлекеттiк қаржы секторында Жоспар бюджетті жоспарлау деңгейінде, мемлекеттiк сатып алу және мемлекеттiк қаржылық бақылау және фискалдық әкiмшiлендіру мемлекеттiк қаражатты есепке алу саласында мемлекеттік қаражатты көлеңкеге шығаруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асыруды көздейді.
Қолма-қол ақша нысанындағы төлемдердің қысқаруымен қатар, Жоспар қаржы құралдары нарығындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шараларды әзiрлеуді және іске асыруды да көздейді.
Жоспарда көлеңкелі экономиканың дамуын тудыратын себеп-салдарлық байланыстардың жүйелік тәсілі және неғұрлым тереңдетілген талдауы көрініс тапқан. Атап айтқанда, басты себептердің бірі ретінде экономиканың құрылымдық теңгерімсіздігі, оның ішінде өңірлердің дамуындағы теңгерімсіздік егжей-тегжейлі талданды. Көлеңкелі экономиканың болу себептері мен салаларына жүйелі талдау өткізілді.
Заңнамалық, құқық қорғау және сот жүйесi деңгейінде Жоспар меншік құқығына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты заң шығармашылық және заңдардың орындалу жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі.
Жоспардың іс-шаралары көлеңкелі экономика салдарын жоюға емес, экономикалық агенттердің өзінің өндірістік қызметін көлеңкеге алып кетуге итермелейтін себептердің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.
1. Көлеңкелі экономиканы жіктеу және оны бағалау әдіснамасы
Полная версия

