Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.05.2015
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 304 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары ;
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi ;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары
1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидияларды (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – элиттұқымшар) шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарының шығындарын ішінара өтеуге;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымынан және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерінен басқа, нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге арналған. Егер тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болса және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бірінші көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі – элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиісті жылға арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2014 жылғы № 866 Қаулысымен (29.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы заңнамада белгіленген тәртіппен оларды бекітілген субсидиялау көлемі шегінде басқа аудандар арасында қайта бөлуі мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi