Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.04.2019
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2019 жылғы 16 сәуірден бастап ҚР 03.04.2019 жылғы №242-VІ Заңына сәйкес
Редакция 08.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор;
2-тармақша өзгертілді ҚР 10.06.2014 жылғы № 208-V Заңымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі, оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады;
4) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі - осы Заңға, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралызаңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;
4-1) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы – жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 362-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-2) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасы (бұдан әрі – жоба) – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 362-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
6) басқарушы компания - арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
7) «бір терезе» қағидаты - өтініш берушінің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық аймақтың аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны;
8) инфрақұрылым объектілері - арнайы экономикалық аймақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес және бас жоспармен бекітілген жылу және электр энергиясын өндіру мен беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациясы, байланыс қызметтері объектілері және өзге де объектілердің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері;
9) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - қызметті жүзеге асыру туралы шарт) - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушылары және арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арасында жасалатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе қатысушыларының қызмет түрлерін, осындай қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтары, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін шарт;
9-1) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі – бірыңғай үйлестіру орталығы) – міндеттері арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын заңды тұлға;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 362-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-2) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушысы –  жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
1-бап 9-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
9-3) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
1-бап 9-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi