Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 31-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2013
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 1654 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2013 жылғы № 608 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әлеуметтiк-экономикалық даму ерекшелiктерiн ескере отырып, осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымында көзделген құрылымдық бөлiмшелердi қосу, бiрiктiру құқығын берсiн;
2) осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін.
2-1. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде аудан мен облыстық маңызы бар қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін құрсын.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 23 қазандағы
N 1654 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы
1. Облыстық әкімдік
1. Облыс әкімінің аппараты
Полная версия