Близость слов: Окончание:





Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV Заңы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық туынды шикізат – биологиялық туынды, оның ішінде биохимиялық құрамдас бөліктерге ыдырайтын және биоотын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдер;
2) биоотын – биологиялық туынды шикізатты қайта өңдеу арқылы алынған отын, оның ішінде биоэтанол;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) биоотын айналымы – биоотынды әкелуді (импорт) және әкетуді (экспорт) қоса алғанда, биоотынды өткізу (сату немесе беру) процестері (кезеңдері), сондай-ақ олармен байланысты құю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
4) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган – биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) биоотынды кәдеге жарату – арналған мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз биоотынды және биоотын өндірісінің қосалқы өнімдерін қажетті сападағы биоотынға немесе басқа өнімге айналдыратын технологиялық өңдеу;
6) биоотын өндіретін зауыт – шикізатты биоотын етіп қайта өңдеуге арналған мамандандырылған ғимарат;
7) биоотын өндіру – биоотын алуды қамтамасыз ететін шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
8) биоотын өндіруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биоотын өндірісін және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган – биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) биоэтанол – биологиялық туынды шикізаттан өндірілген, міндетті түрде мұнай өнімдерімен араластыруға немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді, сондай-ақ биоотынның басқа түрін өндіру мақсатында пайдалануға немесе химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіру мақсатында пайдалануға арналған дегидратталған этил спирті;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) дегидратталған этил спирті – сусыздандыру процесінен өткізілген, құрамындағы су үлесі бір пайыздан аспайтын этил спирті;
12) денатуратталған биоэтанол – тамақ өнімі немесе тамақ өніміне қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін қасиеттер беру мақсатында химиялық заттармен араластыру процесінен өткізілген дегидратталған этил спирті;
13) өндіріс паспорты – биоотын өндіретін зауыттың өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, биоотын өндірісінің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтардың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
14) тамақ шикізаты – тамақ өнімдерін және биоотынды өндіру үшін жарамды биологиялық туынды шикізат түрі;
Полная версия
ИС BestProfi