Осы Заң жеделдетілген оңалту, оңалту рәсiмдерiн өткiзудiң, борышкерді банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Құжат мәтініндегі "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер", "бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерге", "несие берушілердің", "несие берушілермен", "несие берушілер", "несие беруші" деген сөздер "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер", "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге", "кредиторлардың", "кредиторлармен", "кредиторлар", "кредитор" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.07.2001 жылғы № 239-ІІ Заңы бойыншаКіріспе өзгертілді ҚР 17.02.2012 жылғы № 564-IV Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-бап өзгертілді ҚР 11.07.2001 жылғы № 239-ІІ Заңына сәйкес1-бап өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 115 Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 60-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;
2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;
3) әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;
4) әкімшілік шығыстар - осы Заңда белгіленген тәртіппен кредиторлар таныған, төленуі жөніндегі міндет банкроттық, оңалту немесе сырттай байқау рәсімі туралы іс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейінгі кезең ішінде туындайтын, тартылатын мамандардың қызмет көрсетуіне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсіміне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасаумен және оларды өткiзумен байланысты шығыстар.
4-тармақша өзгертілді ҚР 17.02.2012 жылғы № 564-IV Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
Оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер де әкімшілік шығыстарға жатады;
7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 115 Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз)
8) борышкер - төлемге қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі оған осы Заңда көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
8-тармақша өзгертілді ҚР 17.02.2012 жылғы № 564-IV Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
9-1) біртекті кредиторлар тобы - борышкерге қоятын бірдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бір-бірінің алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.02.2012 жылғы № 564-IV Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлеу бойынша кредиторлар;