Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.05.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 28.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 30.05.2014 жылғы № 586 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (19.04.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 66, 949-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Технологияларды, техникалық құрылғыларды және материалдарды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға
сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын отандық және импорт өндірісінің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығарылатын өнімге ұйымдардың стандарттары жобаларын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен келісу» мемлекеттік қызмет стандарты
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 378 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1068 қаулысымен бекітілген
«Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Полная версия