Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Бәсекелестік туралы 
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 29.10.2015 жылғы № 375-V Кодексіне сәйкес
Редакция 01.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңның нысанасы мен мақсаты
1. Осы Заң нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздерін айқындайды. Заң Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті қолдауға және оған қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.05.2015 жылғы № 312-V Заңымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.05.2015 жылы № 87 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Заңның мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының аумағында күші болады және нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.05.2015 жылғы № 312-V Заңымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.05.2015 жылы № 87 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Заңның ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде нарық субъектісі жасаған іс-әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе) материалдық емес активтер, не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса;
3) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай іс-әрекеттерге де қолданылады.
4-бап. Бәсекелестік принциптері
4-бап өзгертілді ҚР 06.03.2013 жылғы № 81-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Бәсекелестіктің негізгі принциптері:
Полная версия
ИС BestProfi