Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8411 тіркелді
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 190 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1. Ұсынылып отырған Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Қағидалары мен тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Қағидалары және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң газеті„ газетінде жарияланды
Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Қағидалары және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) еріксіз таратылып отырған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) төрағасын және тарату комиссиясының мүшелерін тағайындау және босату тәртібін анықтайды және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (25.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындалу үшін құжаттар ұсынған және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі – кандидат) арасынан уәкілетті органның шешімімен (бұдан әрі – тағайындау туралы шешім) тағайындалады.
2. Уәкілетті органның қызметкері болып табылмайтын тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қаржы ұйымының тарату массасы болмаған не ол ағымдағы шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болған жағдайда уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тағайындалады.
4. Уәкілетті орган қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің (мүшелерінің) бос орнына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарландыруды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның Интернет-ресурсында жариялайды.