Қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің № 355 Қаулысымен 15.04.2012 жылғы (07.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
«KEGOC» акционерлік қоғамының «Шығыс өңіраралық электр желілері» филиалының директоры (келісім бойынша)
«AES Өскемен гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «AES Шүлбі гидроэлектрстанциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)
«Ұлы Ертіс — Великий Иртыш» су пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бұқтырма гидроэнергетикалық кешенінің директоры (келісім бойынша)
«Ертіс» су пайдаланушылар және су тұтынушылар қауымдастығының президент] (келісім бойынша)
«KAZLOGISTIKS» көліктік-логистикалық қауымдастығы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі N 540 қаулысына қосымша
Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қалыптасқан климаттық жағдайларды ескере отырып, оңтайлы мерзімдерде Ертіс өзенінің арнасына табиғат қорғайтын су ағызуды жүргізу кезінде орталық және атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативті құқықтық кесімдерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) бассейндегі су шаруашылығы ахуалын және тиісті жылдың 15 наурызына дейін табиғат қорғайтын көктемгі өтемдік су ағынын жүргізу кестелерін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды уақытылы сарапшылық бағалау;
2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) табиғат қорғайтын су ағынын жүргізудің бекітілген кестелеріне сәйкес тұрақты мониторингті жүзеге асыру;
4) су ағынын жүргізу аяқталысымен Үкіметке қорытынды ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары мен өкілеттіктері
4. Оған жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға.
5. Сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелермен қызметі байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан мамандарды тартуға.
4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметі
6. Комиссияны Төраға басқарады.
6-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті жұмыс органы болып табылады.
6-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің № 355 Қаулысымен 15.04.2012 жылғы (07.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) 6-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) 6-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
7-1. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің № 355 Қаулысымен 15.04.2012 жылғы (07.08.2012 ж. редакцияны қараңыз)
9. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия