Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 30.07.2015 жылғы № 638 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 25 қазандағы
 № 1358 қаулысымен
 бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2013 жылғы № 582 Қаулысымен (25.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 786 Қаулысымен (06.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.08.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.12.2013 жылғы № 1336 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)  21.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік тапсырманы орындаушы ретінде айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарынан; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтары шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне және бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтерден; уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес, отандық медициналық ұйымдар шартында шетелде емделуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға көрсетілген медициналық қызметтерден басқа Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі тиісті лицензиясы бар қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және оның шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарының МСАК көрсету және азаматтардың ТМККК шеңберінде оны алу құқықтарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін тіркеу;
2) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектісі – бюджет қаражаты есебінен салынған, алғаш рет пайдалануға берілген, оны басқару аталған объектіде тиісті қызметті жүзеге асыруға лицензия берілген ұйымға тапсырылған объект;
6) қосалқы мердігер – ТМККК көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші қосалқы мердігерлік шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
7) қызметтер беруші – ТМККК көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
8) қызметтер берушіні таңдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – осы Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
Полная версия
ИС BestProfi