Близость слов: Окончание:





Осы редакция 10.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 411 Заңы
1-тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу заңдары
1-бап. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына  және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге  заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс. 
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. 
3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану  мен     қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді. 
4. Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы Кодекстің 26-бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
3-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады. 
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады. 
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
4-бап. Азаматтық іс жүргізу заңының уақыт жағынан қолданылуы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды. 
3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді.
2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптері
5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
Полная версия
ИС BestProfi