Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 314 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
3) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекеме болып қайта аталсын.
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қоспағанда, осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып анықталсын.
4. Заңнамада белгіленген тәртіппен "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" және "Қазтелерадио" акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 11 наурыздағы
 № 314 қаулысына
 1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi