Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы N 1239 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсін. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың 1),2),3)-тармақшаларының күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.04.2005. № 310 қаулысымен. (01.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне;
2) "Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" және "Балқаш биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауына;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Қызыл жиде" республикалық мемлекеттiк табиғат қорғау мекемесi" мемлекеттiк мекемесi Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен;
2) "Ақсу Жабағылы" мемлекеттiк табиғи қорығы" мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ақсу Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Мына мемлекеттiк мекемелер:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Талдықорған аудандық аумақтық басқармасы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ескелдi аудандық аумақтық басқармасы" болып қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын;
Полная версия