Близость слов: Окончание:





"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысы
Редакция 04.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына, 66-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1126 Қаулысына сәйкес (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (20.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1126 Қаулысына сәйкес (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары;
2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы
№ 1192 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (20.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1126 Қаулысына сәйкес (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 66-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде науқастанған, мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу тәртібін айқындайды.
2. Біржолғы өтемақыны төлеу қызметкерге немесе оны алуға құқығы бар адамдарға мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;
1-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.03.2023 жылғы № 236 Қаулысымен (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) қызметкерге қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде;
3) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмайтын ауыр немесе жеңіл мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда жүргізіледі.
3. Біржолғы өтемақыны алу үшін қызметкер немесе оны алуға құқығы бар адамдар мынадай құжаттарды ресімдейді және қызметкер қызмет өткерген жердегі құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі – қаржы бөлімшесі) ұсынады:
1) қызметкер қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде не қызметтік міндеттерін атқару кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі не қайтыс болу туралы хабарлама;
Полная версия
ИС BestProfi