Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) құрылсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен оның мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелері таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері құрылған Комитетке берілсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.
4. Комитет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің таратылатын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін.
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі:
1) заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды, оның мүлкiн, сондай-ақ штат санын мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірге берудi жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 тамыздағы
 № 900 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
2. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
3. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Полная версия
ИС BestProfi