Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 23 Қаулысы
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың коммуналдық меншігінен берілетін ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) заңнамада белгіленген тәртіппен мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына берілсін. 
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ұйымдар қайта аталсын. 
1) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген ұйымдар оларды "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен; 
2) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген ұйымдар оларды "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік республикалық қазыналық кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта құрылсын. 
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын; 
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 
6. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 20 қаңтардағы
 N 23 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (20.01.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 534-құжат): 
Полная версия
ИС BestProfi