1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 624-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 тамыздағы № 684 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 33, 499-құжат):
1) 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Паспорттар, жеке куәліктер мен азаматтық хал актілеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережесінде:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді:
1) екі фотосуреті;
2) тууы туралы куәлігі;
3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі.
Полная версия