Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысы
Редакция 02.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1317 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 624-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 маусымдағы
 № 736 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2016 жылғы № 326 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2016 жылы № 111 (28839) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді.».
2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті» деген бөлімде реттік нөмірі 407-2-жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 461-13-жолмен толықтырылсын:
 
461-13 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Астана қаласы
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 498 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.08.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы № 852 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
13-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
бір жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық хал актілерін жазу органдарының кадрларын аттестаттау, іріктеу және орналастыру, олардың қызметінде бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету;»;
бір жүз жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық хал актілерін жазу органдарын әдістемелік басқару;»;
бір жүз отыз екінші абзац алып тасталсын;
бір жүз отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу;»;
бір жүз отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;».
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыру;».
2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік немірі 2-жолмен толықтырылсын:
«2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
«әділет органдары» деген кіші бөліміндегі 1), 2), 3), 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай редакциядағы кіші бөліммен толықтырылсын:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.».
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (23.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
 
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 106307
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде: 46469
Астана қаласының Ішкі істер департаменті 2781
Ақмола облысының Ішкі істер департаменті 2755
Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті 2387
Алматы қаласының Ішкі істер департаменті 4564
Алматы облысының Ішкі істер департаменті 2909
Атырау облысының Ішкі істер департаменті 1897
Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті 4495
Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті 2268
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті 1989
Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті 5060
Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті 1774
Қостанай облысының Ішкі істер департаменті 2879
Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті 1916
Павлодар облысының Ішкі істер департаменті 2409
Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті 2154
Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті 4232
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 43011
Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
олардың ішінде Ішкі әскерлердің Әскери институтының курсанттары 23111
10482
880
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы 630
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 467
Ақтөбе заң институты 156
Семей заң колледжі 115
Шымкент заң колледжі 157
Ішкі әскерлердің Әскери институты 492
Бастапқы даярлық училищесі 80
Емханасы бар орталық госпиталь 484
Аумақтық госпитальдар мен емханалар 1227
Кинологиялық орталық 64
«Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы 25
«Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы 20
«Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ 139
Автокөлік қызметін көрсету мекемесі 144
Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі 826
Мамандандырылған күзет бөлімшелері 14606
Белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған қабылдауыш-таратушылар 225
Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы 43
 
11. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 23575
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 17605
Сот сараптамасы орталығы 609
Түзеу мекемелері 12496
Павлодар заң колледжі 185
Тергеу изоляторлары 3924
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы 255
Оқу орталығы 35
Қазақстан Республикасы Заң шығару институты 101
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (26.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
11.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2013 жылғы № 991 Қаулысымен (18.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi