Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшыны тағайындаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 26 және 27-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 12 қазандағы
 N 943 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереже
Бүкіл мәтін бойынша "тауар нарықтарында үстем (11.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(монополиялық) жағдайға ие нарық" сөздер "реттелетін нарық" сөздермен ауыстырылды, "табиғи монополиялар" сөздерден кейін "және реттелетін нарықтар" сөздермен толықтырылды, "мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау" сөздер "мұнай өнімдері мен газ, мұнайды тасымалдау" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2009 № 237 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Үкіметтің құрамына кірмейтін, телекоммуникация және почта байланысы салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында реттеу және бақылау арқылы басшылықты, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызметін бақылау және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 10.10.2011 № 1204 Қаулыcымен. (30.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Агенттік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан іс-қимыл жасауға құқығы бар.
6. Агенттік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Агенттік төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Агенттіктің құрылымы мен штат санын Агенттіктің Жауапты хатшысы бекітеді.
Полная версия
ИС BestProfi