Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 Қаулысы
Редакция 26.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы 24-1-жолмен толықтырылсын:
 
24-1 Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту ҚР Үкіметінің қаулысы ЭДСМ 2011 жылғы маусым -
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 29 маусымдағы
 № 731 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы
индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Полная версия
ИС BestProfi