Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысы
Осы редакция 13.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатуға арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Бекітілген лимит негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
14) «Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушының сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
15) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
16) «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Полная версия
ИС BestProfi