Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.03.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 842 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 05.03.2014 жылғы № 180 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 61-құжат):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2),  3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттары осы қаулының 1, 2, 3, 4 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 842 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 14-кіреберіс 227-кабинет мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет), интернет-ресурсы: www.mсi.gov.kz, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: толық автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi