Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 және 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2014 Қаулысы       
Редакция 20.07.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 6-құжат):
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Мемлекеттік органдар "жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тізбесінің 2-тармағын ескере отырып, өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді және Үкіметке бекітуге енгізуді қамтамасыз етсін.";
"2-2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.";
"жергілікті атқарушы органдар" кіші бөлімінде:
1), 2), 3), 4) тармақшаларда "ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) тармақшада "қосалқы" деген сөздің алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;
14) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын:
"23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
24) балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген отбасыдан өтінім қабылдау;
25) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою;
26) әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру;
27) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
28) жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.";
"Көлік және коммуникациялар министрлігінің органдары:" кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру.";
мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын:
"Ауыл шаруашылығы министрлігінің органдары:
1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу;
2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктер кепілін тіркеу;
3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу;
4) машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру;
Білім және ғылым министрлігінің органдары:
1) республиканың білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.";
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен) (04.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 745.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi