1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 қаулысымен бекітілген
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты орталық мемлекеттiк органдардың, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулыларының және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi ресiмдеу
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдерде мынадай деректемелер болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
2) нормативтiк құқықтық кесiмнiң нысанына сiлтеме: орталық органның бұйрығы, қаулысы, мәслихат шешiмi, әкiмдiктiң қаулысы, әкiмнiң шешiмi;
3) нормативтiк құқықтық кесiмнiң реттеу мәнiн көрсететiн тақырыбы;
4) нормативтiк құқықтық кесiмнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) нормативтiк құқықтық кесiмнiң тiркеу нөмiрi;
6) мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның мiндеттерiн атқаратын адамның қолы;
7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық кесiмдерде нормативтiк құқықтық кесiмнiң тiркелген күнi мен нөмiрiне сiлтеме;
Полная версия