Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 773 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2006 жылғы 16 тамыздағы
 N 773 қаулысымен
 бекітілген
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi
1. Осы Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресiмдеу және келiсу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты орталық мемлекеттiк органдардың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулыларының және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жобаларын ресiмдеудiң және келiсудiң тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2007. № 999 Қаулысымен. (16.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдердi ресiмдеу
2. Нормативтiк құқықтық кесiмдерде мынадай деректемелер болуға тиiс: 
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы; 
2) нормативтiк құқықтық кесiмнiң нысанына сiлтеме: орталық органның бұйрығы, қаулысы, мәслихат шешiмi, әкiмдiктiң қаулысы, әкiмнiң шешiмi; 
3) нормативтiк құқықтық кесiмнiң реттеу мәнiн көрсететiн тақырыбы; 
4) нормативтiк құқықтық кесiмнiң қабылданған жерi мен күнi; 
5) нормативтiк құқықтық кесiмнiң тiркеу нөмiрi; 
6) мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының не оның мiндеттерiн атқаратын адамның қолы; 
7) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен нормативтiк құқықтық кесiмдерде нормативтiк құқықтық кесiмнiң тiркелген күнi мен нөмiрiне сiлтеме; 
Полная версия
ИС BestProfi