Близость слов: Окончание:





"Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 Қаулысы
Редакция 07.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.06.2023 жылғы № 451 Қаулысына сәйкес (28.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті әдіснамалық- ақпараттық қамтамасыз ету болып айқындалсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.10.2021 жылғы № 771 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.06.2023 жылғы № 451 Қаулысына сәйкес (28.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталын 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғам жарғысын бекітуді және Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 19 шілдедегі
 № 831 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): 
к ө рсетілген қ аулымен бекітілген акцияларыны ң мемлекеттік пакеттері мен ү лестері республикалы қ меншікке жат қ ызыл ғ ан акционерлік қ о ғ амдар мен шаруашылы қ серіктестіктерді ң тізбесінде: 
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-130-жолмен толықтырылсын:
«21-130. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы.».
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: 
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-2-жолмен толықтырылсын: 
«222-39-2 «Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы».
3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):  
к ө рсетілген қ аулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардыңтізбесінде: 
«3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын:
«23. Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығы».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (19.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 19.03.2012 № 340 Қаулысымен (19.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия
ИС BestProfi