Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.10.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
3. Комитеттiң төрағасына екi орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде: 
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын: 
"Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.";
2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 12-жолда: 
"Штат санының лимитi" деген бағанда "297" деген сандар "317" деген сандармен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Балалардың құқықтарын қорғау комитетi                  20".
Полная версия
ИС BestProfi