Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 300 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Редакция 27.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті және Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағынан осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағына берілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістердің 7-тармағының екінші абзацын, 9-тармағын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 28 наурыздағы
 N 300 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағына берілетін "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
2. Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
6. Алматы қаласы Түріксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
8. Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
Полная версия
ИС BestProfi