Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.01.2016
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 573 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1086 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
«Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.»;
«8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.
Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.»;
«Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.»;
«21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.»;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын;
«заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндiні ұсынады;
Полная версия
ИС BestProfi