Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1272 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.08.2020 жылғы № 530 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
25-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорға аударылған, төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:";
алтыншы абзацтағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 617 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.08.2015 жылы № 160 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1272 қаулысына қосымша
Осы Қаулы қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 617 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.08.2015 жылы № 160 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия