Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1148 Қаулысы
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті оған министрліктің мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын бере отырып құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (29.11.2007 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 53-құжат):
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары және 3-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1148 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы N 1130 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Ақпарат және мұрағат комитеті, Тіл комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Полная версия