Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi комитеттерiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 Қаулысы
Редакция 15.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қолданыстағы заңнамада белгiленген штат санының лимитi шегiнде: 
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi: 
оған өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау, өрттер туралы iстер бойынша анықтау және өрт сөндiрудi ұйымдастыру функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетiне; 
оған өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы және азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын бақылау функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiне бөлу жолымен; 
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi: 
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1267 Қаулысымен. (20.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1267 Қаулысымен. (20.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Өртке қарсы қызмет комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар  бекiтiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1267 Қаулысымен (20.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.12.2007 № 1267 Қаулысымен (20.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қол қойылған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi