Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1267 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.08.2014 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 523-құжат): 
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 251-құжат): 
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын; 
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1267 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 28 қазандағы
 N 1112 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар), ведомстволық бағынысты ұйымдары мен ведомстволары: Өртке қарсы қызмет комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті бар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi