Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.10.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 313 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитеттер) құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Криминалдық полиция комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Әкiмшiлiк полиция комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекiтiлсiн.
3. Комитеттердiң төрағаларына екi орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
4. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 сәуiрдегі N 431  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 17, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде: 
реттiк нөмiрi 2-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:        1392         ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 657 
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi         айналымын бақылау комитетi                                52 
Полная версия
ИС BestProfi