1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 596 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1439
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығының 3, 18-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2-тармақта ", сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия