Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 340 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 7-тармағына сәйкес өзгерiстер туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2006 жылғы 28 сәуiрдегi
 N 340 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта:  
2-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.12.2010 № 1456 Қаулысымен (14.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.12.2006. № 1203 қаулысымен. (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006  қаулысына: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесiнде: 
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi";
5. "Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 89  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 1-2, 24-құжат): 
Полная версия
ИС BestProfi